Атырау, 29 наурыз 19:27
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Түркия билігі Сирия әскерінің Африн аймағына кіруіне қарсы емес

1 125 просмотра


Бірақ Башар Асад жасағы мұндағы лаңкестерге қарсы әрекет етуі керек.

Ал егер күрд жасақтарына қолдау көрсететін болса, Түркия әскеріне жау болады. Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі мәлімдеді. Бұған дейін Сирияның мемлекеттік телеарнасы үкімет әскерінің Афринге бет алғанын хабарлаған. Іле-шала күрд жауынгерлері олармен күш біріктіріп, Түркия әскеріне тойтарыс беретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, ресми Анкара өткен айдан бері Африн аймағындағы күрд жасақтарына қарсы «Зәйтүн бұтағы» операциясын жүргізіп келеді. Түркия оларды лаңкестік топ деп таныған.

Мевлют Чавушоглу, Түркияның сыртқы істер министрі:

- Біз Африн аймағында «Күрдістан жұмысшылар партиясы» мен күрдтерден құралған «Ұлттық қорғаныс жасағына» қарсы әскери операция жүргізіп келеміз. Өйткені олар Түркияның қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сондай-ақ біз Сирияның біртұтастығын қолдайтын бірден-бір мемлекетпіз. Егер Сирия үкіметінің әскері сол лаңкестерді жоюға жәрдем беретін болса, біздің қарсылығымыз жоқ. Бірақ олар күрд жасақтарына қолдау көрсетсе, біздің жаунгерлерімізді ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды.

Дереккөз: 24.kz

20 ақпан 2018, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.