Атырау, 25 сәуір 06:18
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Айыппұл төлеуден жалтарған жігіт өз тойына қатыса алмады

1 522 просмотра


Ресейдің Красноярск қаласының тұрғыны төленбеген айыппұлдың кесірінен Өзбекстандағы өз тойына ұша алмады, деп хабарлады РИА Новости Сот жасауылдары федеральдық қызметінің өңірлік басқармасына сілтеме жасап.  

Жас жігітке 60 мың рубль өндіру туралы іс қозғалғаны хабарланған. Дегенмен борышкер заң өкілдерінің ескертуіне құлақ аспапты. Салдарынан оған шетелге шығуға шектеу қойылады. Бұл туралы ол әуежайға барғанда бір-ақ біледі. Жігіт Өзбекстандағы өз тойына ұшып бармақшы болған. 

Айыппұлды борышкердің әкесі төледі. Оның айтуынша, тойды күйеу жігітсіз өткізуге тура келген. Заң бұзған жігіт Ресейден шығуға тыйым салатын қаулының күшін жоятын мерзім өткеннен кейін ғана Өзбекстандағы қалыңдығына ұшып барған.       

Дереккөз: sputniknews.kz

20 ақпан 2018, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.