Атырау, 29 наурыз 03:58
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қазақстандықтың Шри-Ланкада не себепті көз жұмғаны анықталмай жатыр - СІМ

1 277 просмотра


Шри-Ланкада көз жұмған қазақстандықтың елге жеткізу шаралары шешілуде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

«Үндістандағы біздің дипломаттармен байланысқа шықтық. 15 ақпанда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігіне 1993 жылғы қыздың белгісіз себептерден көз жұмғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Біздің дипломаттар оның Қостанай қаласындағы ата-анасымен байланысқа шықты. Қажетті көмекті көрсетуі үшін Елшілік Шри-Ланкадағы Қазақстанның Құрметті елшісін оқиғамен хабардар етті», - деді Ә. Жайнақов. 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде мәйітті Қазақстанға жеткізу мәселесі шешілуде. 

«Қыздың ата-анасының өтініші бойынша мәйіт Қазақстанға жеткізіледі. Ал тасымалдау шығындарын марқұммен бірге сапарлаған танысы өзіне алатындығын айтты. Аталған азаматша сапар алдында сақтандырылған. Алайда сақтандыру компаниясы шығындарды төлей алмайды, себебі сол уақытта дәрігерлер қыздың не себепті көз жұмғанын анықтаған жоқ. Анасының талап етуі бойынша, мәйітті зерттеу шаралары Коломбо қаласында іске асырылды. Бұл рәсімді жүргізудің қиыншылықтарын ескере отырып, зерттеу нәтижесі тек 2-3 айдан кейін ғана дайын болады», - деді Әнуар Жайнақов. 

Бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында Қостанай облысының тумасы Ирина Фирсунина мен оның сүйіктісі ресейлік Денис Сидоровтың Шри-Ланкаға сапарлағаны, алайда аталған жерде Ирина есінен танып, кейіннен белгісіз себептерден көз жұмғаны хабарланған.

Белгілі болғандай, бірнеше жыл бұрын И.Фирсунина Челябинск қаласына барып, осында жұмысқа орналасқан екен. Осы шаһарда Дениса Сидоровпен танысқан.

Дереккөз: inform.kz

19 ақпан 2018, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.