Атырау, 19 сәуір 08:59
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Мексикада жер сілкінісі салдарынан төтенше жағдай жарияланды

2 321 просмотра


Мексиканың азаматтық қорғаныс қызметі жақында болған қуатты жер сілкінісінен зардап шеккен Оахака штатындағы 33 муниципалитетінде төтенше жағдай жариялады, Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Оахаканың Пинотепы-Насьональ ауданында 7,2 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді. Жергілікті биліктің соңғы ақпаратына сәйкес, апат жүздеген ғимараттың бүлінуіне себеп болды, 1,3 миллион үй және сауда орны электр қуатынсыз қалған.

Елдің ұлттық сейсмологиялық қызметінің өкілдері жұмадан бері 1,5 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлады.

Қазір Оахакадағы халыққа көмектесу үшін шамамен 4,8 мың әскер мен теңізші, сонымен қатар ұшақтар мен тікұшақтармен жіберілді.

Дереккөз: Baq.kz

19 ақпан 2018, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.