Атырау, 19 сәуір 09:15
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Қазақстандықтар наурыз айында 13 күн демалады

2 333 просмотра


Наурыз айында Қазақстан халқы, мереке күндерін қосқанда, 13 күн демалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Биыл 8 наурыз мерекесі бейсенбі күнге тура келеді. 9 наурыздағы жұмыс күні ҚР Үкіметінің қаулысымен 3 наурыз, сенбіде өткізіледі. Осылайша, қазақстандықтар 8 наурыздан 11-іне дейін төрт күн қатарынан демалады. Бұл бес күндік еңбек аптасымен жұмыс істейтіндерге қатысты.

ҚР Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында, Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне өткізуге құқылы. 

Наурыздың 21-інен 23-іне дейін - сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері елде Наурыз мейрамы тойланады. Демек, қазақстандықтар ол аптада қатарынан бес күн демалады. 

Жалпы, 4, 17, 18 және 31 наурыздағы демалыс күндерін қоса есептегенде, Қазақстан халқы көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.

Дереккөз: inform.kz

19 ақпан 2018, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.