Атырау, 19 сәуір 17:47
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Қызғаныш қозғау салған реформа», «Орталық Азиядағы "демократияға" арналған сыйлық»,«Заң “қытайша” жазылған», «51 жобаның әлеуеті зор», «Мирзияевтің Өзбекстаны Қазақстаннан озғалы тұр»,«Президент ашқан шаруашылықты жергілікті басшылар бытыратып жібере ме?

2 257 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қызғаныш қозғау салған реформа» - Батыс баспасөзі Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар, Қазақстанның дін қызметі туралы заң жобасы және Олимпиада ойындарының құны туралы жазған.

«Орталық Азиядағы "демократияға" арналған сыйлық» - "Демократияны дамыту үшін" берілетін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон атындағы сыйлық белгіленсе, мұндай сыйлықты әлдеқашан бекітіп тастаған Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын тағы да бірнеше көшеге беруді ұсынды.

365INFO.KZ. «Заң “қытайша” жазылған» -  Дос Көшім жаңа Жер кодексі туралы шындықты айтты. Астанада 2016 жылы құрылған Жер комиссиясының шешімдері бойынша әзірленген жер заңы жайлы қоғамдық талқылау өтті.

«Мирзияевтің Өзбекстаны Қазақстаннан озғалы тұр» - Ғарышты игеруде жаңа белестерге шығу үшін Қазақстанға осы салада іргедегі Өзбекстанмен бәсекеге түспей, өз-ағаларымен бірлесіп жұмыс істеген дұрыс.

«51 жобаның әлеуеті зор» - Елбасы Қытай телеарнасына не үшін сұқбат берді? Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық серіктестік қарқын алуда. Өз сұқбатында президент «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қытайдың «Белдеу мен жол» бастамасының ортақ мақсаттарына тоқталып өтті.

QAMSHY.KZ. «Серікболсын Әбділдин: Қазақта рух та, күш те бар. Тек бірлік керек» - 2017 жылы 25 желтоқсанда Алашорданың құрылғанына  100 жыл толуына орай  Qamshy.kz ақпарат агенттігі  игі жақсылардың басын қосып, «Алаш арыстарының 100 ізбасарын» марапаттаған болатын. Осы кеште белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Серікболсын Әбділдін Алаш ізбасарларының атынан өзінің ықыласын білдірді.

ABAI.KZ. «Ұлы Дала еліне ұлы реформатор Дэн Сяопин мектебін көрген кәнігі Дипломат керек» - Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырап жатқаны туралы ақпараттардың растығына әбден көз жеткен соң, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасына дипломатиялық нота жіберді.

«Президент ашқан шаруашылықты жергілікті басшылар бытыратып жібермек пе?» - Жақында редакциямызға Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданынан Сәбит Сұлтанов есімді оқырманымыз хабарласып, жанайқайын жеткізді. Біз құлақ түрдік. Ол кісі бізге бүгінгі күннің барымташылары, анығырақ айтсақ әлдебір шенділердің әпербақандық әрекеті жайлы баяндап берді.

 AIKYN.KZ. «”Екімен оқыған” тарихи тұлғалар» - Дүниеден өткен атақты адамдардың өмір жолының барлығы да өнегелі ме? Солай десек, қателескен болар едік. Анығында, тарихта қалған тұлғалар қайбір салада болсын, өз атын қалдырғанымен, ойланатын бір нәрсе бар: Олар мектепте үлгілі оқушы болмаған. Мұның себебі неде?

QAZAQTIMES.COM. «Ресей жалдамалы әскерінің артында кім тұр?» - Соңғы уақыттары әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Сүрия аумағында соғысып жүрген Ресейдің жалдамалы әскерлері жөнінде жиі айта бастады. Жалпы, ресейлік «Вагнер» жеке әскери компаниясының шығу тарихы қандай? Оның ресми Кремльге қандай қатысы бар?  

 RATEL.KZ. «Жер мәселесіне арналған жиынға желтоқсаншы мас болып келген» - Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның қоғамдық тыңдаулардан кейінгі ойлары.


19 ақпан 2018, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.