Атырау, 18 сәуір 23:25
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​ҚР СІМ Қазақстандағы арнайы операция кезінде төрт қырғызстандықтың ұсталғанын хабарлады

1 447 просмотра


Қазақстанның оңтүстігінде жүргізілген арнайы операция кезінде Қырғызстанның төрт азаматы ұсталған. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.   

"Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты Асылбекұлы Дамирбекті ұстауға қатысты, Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 15 ақпанда Қазақстан Республикасының территориясында Қырғызстан Республикасының 4 азаматы ұсталғаны туралы қазақстандық тараптан мәлімет алғанын жеткізді", - делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда Қырғызстан Республикасының СІМ ұсталғандар мен ұстауға байланысты Қазақстан Республикасының құзіретті органдарымен жұмыс жүргізіп жатыр. Бұған дейін ұсталғандардың арасында Қырғызстанның екі азаматының болғаны хабарланған еді.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеденмаңы саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және еліміздің шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізді, 29 адам ұсталған, олардың екеуі Қырғызстанның азаматы делінді. 

Кейін олардың біреуі көрші мемлекеттің депутаты екені анықталды.

Еске сала кетейік, 16 ақпанда Қырғызстан СІМ көрші елдің территориясында Жоғарғы Кеңестің (Қырғызстан парламенті) депутаты Асылбекұлы Дамирбектің ұсталуына байланысты Қазақстан елшілігіне нота табыс етті. Консулға бұл мағлұматты растау немесе жоққа шығару жөніндегі, сонымен қатар, расталған жағдайда ұсталғандар туралы мәлімет беру, болған жағдайға қатысты тиісті түсіндіру мен толық ақпаратты беру жөніндегі Қырғызстан Республикасы СІМ-нің нотасы тапсырылған болатын. 

2018 жылы 17 ақпанда Қырғызстан СІМ мекенжайына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарымта нотасы жолданды, онда Қырғызстан Республикасының азаматы Асылбекұлы Дамирбектің ұсталғаны туралы мәлімет бар.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 ақпан 2018, 21:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.