Атырау, 29 наурыз 12:42
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Үйшіктен мұнайлы астанаға дейін

5 451 просмотра


1992 жылдың ақпанында  мемлекеттік ономастикалық комиссияның шешімімен Гурьев облысы және Гурьев қаласы  Атырау облысы және Атырау қаласы болып өзгертілді. «АЖ» өңіріміз тарихындағы елеулі оқиғалар мен биліктің ауысуы туралы кейбір ақпараттарды ұсынады.

ГУРЬЕВТЕН АТЫРАУҒА ДЕЙІН

1865 жылы Гурьев уезі құрылды

1872 - алғашқы қыздар училищесі ашылды

1918 - ақпанда Гурьев болысына Кеңес Үкіметі орнады

1920 - 6 қаңтарда Гурьев ревкомы құрылды.

1920 - 10 қаңтарда құрамында 12 милиционер, 9 тех. қызметкері бар уездік милиция органы құрылды.

1923 - 50 нүктелік бірінші телефон станциясы салынды.

1926 - Атырау-Орал трассасы ашылды

1930 - 7 ақпанда қалаға жаңа электр станциясы электр қуатын берді

1945 – Соғыс кезінде бастап салынған Атырау мұнай өңдеу зауыты пайдалануға берілді

1964 - Индер және Балықшы ауданы құрылды

1966 - Гурьев химия зауыты іске қосылды

1972 - Гурьевте темір жол вокзалы іске қосылды

1976 – Атырау әуежайына тұңғыш рет ТУ- 154 ұшағы келіп қонды.

1983 - Гурьев-Индер электр станциясы іске қосылды

1985 - қазанда 102 шақырымдық Құлсары- Теніз теміржолы іске қосылды; ҚССР компартиясының облыстық комитетінің бірінші хатшысы Оңайбай КӨШЕКОВТІҢ орнына Асқар ҚҰЛЫБАЕВ келді.

1990 – мамыр айында обкомның бірінші хатшылығына сол кезде сән болған баламалы негізде Ғазиз АЛДАМЖАРОВ сайланды. Болашақ оппозиционер облысты КСРО тарау кезінде – 1992 жылдың күзіне дейін басқарды; Новобогат ауданына Исатай есімі берілді


ЖАҢА АТЫРАУ

1993 жылы – 6 сәуірде «Теңізшевройл» компаниясы құрылды. Теңіз ауданына Құрманғазы есімі берілді.

1994 - 16 қазанда Қазақстанда бірінші рет облыс басшысы өз қалауымен лауазымынан бас тартты. 46 жасында бизнеске кеткен Сағат ТҮГЕЛБАЕВТЫҢ орнына бірінші орынбасары Равиль ШЫРДАБАЕВ тағайындалды.

1996 - ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Кенбай кен орнының ашылуына қатысты.

1997 – «Атырау» ДСК іске қосылды; Ракуша ауылында тұңғыш рет бекіре өсіретін зауыт ашылды.

1999 - 18 ақпанда сол кездегі ҚР Премьер- министрі Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВ облыс активінде облыстың жаңа әкімі Иманғали  ТАСМАҒАНБЕТОВТІ таныстырды.

2000 - 5 мамырда орталық мешіт пайдалануға берілді; 18 желтоқсанда облыс әкімі болып Серікбек ДӘУКЕЕВ тағайындалды.

2002 - Асылан МУСИН облыс әкімі болып тағайындалды; Күндіз электр қуатын ажыратқаннан кейін түнде «Ақ Жайық» газетінің баспаханасына өрт қойылды, президент бас прокуратураға осы істі бақылауға алуды тапсырады.

2003 - қыркүйекте орталық Махамбет- Исатай алаңы пайдалануға берілді.

2006 Бергей РЫСҚАЛИЕВ облыс әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін қала әкімі және Мусиннің орынбасары қызметтерінде болған еді.

2012 - Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ облыс әкімі болып тағайындалды. Көп ұзамай өңірдің бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, ағайынды Рысқалиевтер елден қашады.

2015 - қала тұрғындарының саны 200 мыңнан асты

2016 -  наурызда Нұрлан НОҒАЕВ облыс әкімі болып тағайындалды. 24 сәуірде алаңда Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қарсы рұқсат етілмеген бұқаралық митинг өтті. Қоғам белсенділері Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯН 5 жылға сотталды.

2016 - Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнында коммерциялық мұнай өндіру басталды. 

Дайындаған: Фархат ӘБІЛОВ

18 ақпан 2018, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.