Атырау, 28 наурыз 17:46
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Батылдықтары үшін марапатталды

Сурет
3 106 просмотра


Батылдығы мен тапқырлығы үшін мектеп оқушысы Әли АЗАМАТҰЛЫ облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен марапат алды. Өртенген пәтердің көршілері Ерболат ИХСАНОВ та атап өтілді. Естеріңізге салсақ, 29 қаңарда Привокзальный 3 «а» ықшамаудандағы №11 үйде газ есептегіш отқа оранған болатын.

Сол күні таңертең үш баланың анасы Ләззат ҚАЛМҰРЗИНА әдеттегідей таңғы сағат 8-де ортаншы ұлын мектепке алып кетеді. Ол шығып кеткеннен кейін тарсыл естіледі, үйде Әли мен Әділ ұйықтап жатқан болатын. Әлденені сезген бесінші сынып оқушысы оянып, ұйқысын ашпастан ас үйге барады.  Ол жерде от жалындап, перделер, қабырға, сплит жүйесі жанып жатқан. Айнала қара түтіндеп кеткен. Ол бөлмесіне жүгіріп, екі жасар інісін көтеріп алып, сыртқа атып шыққан.

Көшеде тоңып жылаған балаларды біреу көлігіне отырғызып, жылытыпты.


Сол кезде екінші қабаттағы көршісі Ихсанов олардың пәтеріне кіріп, от жалындап жатқан өртену ошағын – газ есептегішті тауып алып, вентилін жауып тастайды. Осылайша, жарылу қаупінің алдын алады.

Ержүрек жандарды Әли оқитын №17 мектепте салтанатты жиында марапаттады.


Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Сурет Азаматұлының отбасылық мұрағатынан алынды

17 ақпан 2018, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.