Атырау, 29 наурыз 05:51
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

АҚШ-та ресейлік хакер 12 жылға сотталды

1 798 просмотра


Нью-Джерси соты ресейлік Владимир Дринкманды «АҚШ-қа хакерлік шабуыл жасап, 160 миллион несие картасының мәліметін ұрлады» деп айыптап, 12 жылға соттады. Бұл іс бойынша екінші айыпты – Ресей азаматы Дмитрий Смилянец төрт жылға сотталды. Смилянец тергеу уақытында қамауда төрт жыл отырғандықтан сот залынан босатылды. Екі сотталушы да бұған дейін кінәсін мойындаған.

Дринкман жазасын өтеген соң Ресейге депортацияланады деп жоспарланып отыр. Сот отырысы жабық өтті. Reuters агенттігі Дринкманнің іс-әрекетінен келген зиян көлемі 300 миллион доллардан асатынын хабарлады.

Тергеушілер мәліметінше, ресейліктер 2003 жылы АҚШ-тағы дүкендердің, төлем жүйелерінің және қаржы институттарының компьютерлік желілерін бұзып кіру жобасын жасаған. Прокурорлар кем дегенде 16 компания, оның ішінде NASDAQ электрондық биржасы, 7-Eleven және Carrefour дүкендер желісі мен JetBlue әуе компаниясы хакерлік шабуылға ұшырағанын хабарлады.

Дринкман мен Смилянец 2012 жылы Нидерландта ұсталған. Бұдан соң оларды америка билігінің сұрауы бойынша АҚШ-қа экстрадициялаған. Бұл іс бойынша тағы үш ресейлік пен бір америкалық күдікке ілініп, оларға халықаралық іздеу жарияланған.

Дереккөз: azattyq.org

15 ақпан 2018, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.