Атырау, 24 сәуір 09:59
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

ОАР президенті өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді

1 964 просмотра



Фото: Global Look Press


ОАР президенті Джейкоб Зума мемлекет басшысы өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтамақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ол мұндай мәлімдемені сәрсенбі күні кешкісін «Африка ұлттық конгресі» (АҰК) басқарушы партиясының «бұлай болмаған жағдайда бейсенбіде сенім туралы мәселе бойынша дауыс беру кезінде оппозицияны қолдайтынын» хабарлауынан кейін жасады.  

«Мен республика президенті қызметінен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Ұйым басшылығының шешіміне келіспеуіме қарамастан, мен АҰК-ның тәртіпті мүшесі болдым», - деді Зума. 

Сондай-ақ, ол сенімсіздік вотумынан да, импичменттен де қорықпайтынын және бұл процедуралардың өз көшбасшыларының өкілеттігін тоқтатуда азаматтардың қолданатын заңды тетігі екендігін атап өтті.   

 Дереккөз: inform.kz 

15 ақпан 2018, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.