Атырау, 29 наурыз 10:00
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ОАР президенті қызметінен босатылды

1 600 просмотра


Африкалық ұлттық конгресс партиясының атқарушы комитеті Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зуманы қызметінен босатты.

Олар шешімді 13 сағаттық отырыстан кейін қабылдап отыр. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, партияның атқарушы комитеті мемлекет басшысын отставкаға жіберуге қауқарлы. Дегенмен, Джейкоб Зуманың бұл кесіммен келіскен-келіспегендігі белгісіз. Бұған дейін президентке шешім қабылдауға 48 сағат берілген еді. Бірақ әзірге ол осы жайтқа қатысты тіс жармай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, елдегі саяси шиеленіс өткен жылдың желтоқсан айында өршіп кетті. Ол кезде Зуманың қарсыласы, вице-президент Сирила Рамафоса басқарушы партияның басшысы болып тағайындалған еді. Мемлекет басшысына «жемқорлықпен айналысты» деген айып тағылды. Ал оппозиция болса, парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етіп отыр.

Джулиус Малема, оппозиция өкілі:

- Сайлаудың демократия талаптарына сай өткізілгенін қалаймыз. Зума қызметінен кеткен соң елдегі жағдай жақсарады деу қателік. Барлық түйткілдерді түбірімен жою үшін, өзгерісті  алдымен партиядан бастау керек.

Дереккөз: 24.kz

13 ақпан 2018, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.