Атырау, 28 наурыз 15:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Раушан» хош иісті емес

2 755 просмотра


2017 жылдың қорытындысы бойынша Атыраудың ауа сапасын бақылау жүйесіндегі дабылды сигналдар саны бойынша «көшбасшы» бар. Бұл №104 пост – ЖЭО мен Сасықсай булану алаңы арасында орналасқан «Вест Ойл» мониторинг станциясы.

Қазгидрометтің «жел раушаны» бойынша өткен жыл ішінде Атырау облысында шығыс (17) және оңтүстік-шығыс (18) бағытында теңіз желі көп болған. Көп жылғы ауа-райын бақылау деректері бойынша олар жиі қайталанып тұрған. Өткен жылы Атыраудағы «Қазгидромет» РМК бюллетенінде көрсетілген ауаның жоғарғы ластану деңгейіндегі 357 жағдайдың жартысынан көбі 104-ші постта тіркелген. Сондықтан бұл жердегі «раушан» мүлдем хош иісті емес.

Шекті рұқсат етілген нормадан (ШРК) әлденеше есе асып кеткен күкіртсутек шоғыры шығыс-солтүстік-шығыс (96 ШРК-ден астам), солтүстік-шығыс (89), шығыс (29) және т.б. бағыттарда тіркелген. Әр жолы жел жылдамдығы азғана, секундына 1-2 метр болған.

Өткен жылы Атырау ауасында күкіртсутек ақпан айында пайда болды. Ал биыл, метеорологиялық қызметтің бейресми түрде хабарлауынша, «күкірт ингаляциясы» маусымы 21 қаңтарда ашылған. Атырау облыстық экология департаментінің бастығы Қабижан ҚАПАНОВ экологиялық посттар туралы деректердің әлі де талданатындығын мәлімдеді.

- 104-ші посттың «өнімділік» құпиясы - айналасын Сасықсай  қоршап тұр. Булану алаңдары станция жұмысында көкжиектегі 8 негізгі румбтың 6-уын алып жатыр. Сондықтан станцияның күні бойына үздіксіз шығарындылар туралы сигналдар беретін кезеңдері болады, - дейді өңірдің бас экологы. - Үш негізгі ықтимал ластаушы (АМӨЗ, Қарабатандағы «Болашақ» мұнай дайындау зауыты және Сасықсай) бір сызықта - солтүстік-шығыста орналасқан және оларды ажырата білуіміз керек. «Болашақ» посттан 41 шақырым жерде орналасқан. Ал АМӨЗ - екі қоршаудың ар жағында. Егер тек 104-ші пост қана сигнал берсе, онда бұл Сасықсай болғаны. Егер АМӨЗ төңірегінде орналасқан басқа мониторинг станциялары хормен «ән айтса», зауытты тексеруді бастаймыз. Қарабатан посттарындағы «дабыл» іске қосылғанда ұқсас алгоритм жұмыс істейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

13 ақпан 2018, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.