Атырау, 28 наурыз 14:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Саакашвилидің ұсталған сәтіндегі видео пайда болды

Бейнежазба
1 709 просмотра


Грузияның бұрынғы президенті және Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвилидің Facebook желісіндегі парақшасында саясаткерді күш құрылымдарының қалай ұстағаны туралы видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Видеодан бетперде киген адамдардың мейрамханаға кіріп келіп, бірнеше келушіні жерге жатқызғанын көруге болады. Ары қарай бір топ адам Саакашвилиді шашынан ұстап, есікке жетелейді. 

"Бетінен ұрған, ұшаққа дейін жол бойы аузы мен көзін жауып, атып тастаймыз деп қорқытқан. Ал микроавтобус пен тікұшақта еденге басып ұстаған", - делінген видеоға жазылған түсіндірмеде.  

РИА Новости мәліметі бойынша, дүйсенбіде Саакашвилиді Украинаның мемлекеттік шекара қызметі Польшаға асырып жіберген. Ол Украинаға күзде осы мемлекет арқылы кірген болатын.  

Польшаның шекара қызметі де оның Варшаваға келгенін растады. Ал Саакашвилидің жақтастары Украина президенті әкімшілігінің алдында шеру өткізді. Шеруге шыққандар мен полиция арасында қақтығыстар болып, бір адам ұсталған болатын. 

Мұның алдында Михаил Саакашвилидің Киевте ұсталғаны хабарланған. 


Дереккөз: tengrinews.kz

13 ақпан 2018, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.