Атырау, 18 сәуір 09:01
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Алматы облысында судьяның 23,5 миллион теңгелік заты ұрланған: Істің мән-жайы анықталды

1 970 просмотра


Алматы облысы Қаратал аудандық соты судьясының зергерлік бұйымдарын тонады деген ер адамның, тергеу мәліметінше, тағы екі қылмысқа қатысы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облысы Көксу аудандық сотында судья Гүлбаршын Жексембинованың зергерлік бұйымдарын тонау ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. Сот алдына жұмыссыз 30 жастағы ер адам келді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі 3-тармағы ("Ұрлық") бойынша айыпталып жатыр.  

Тергеу мәліметінше, сотталушы үш үйді тонаған.  2017 жылдың 2 маусымында түнгі уақытта ол Қаратал ауданы Айту ауылында жатын бөлменің пластикалық терезесін сындыру арқылы үйдің ішіне кіріп, залдан серванттың ішінен 44 000 теңгеге бағаланатын зергерлік бұйымдарды алып кеткен.  

Кейінірек, тергеу мәліметінше, 2017 жылдың 6 маусымында Жаңаталап ауылында үйдің есігін ашып, металл сейфті ашып алған. Сондай-ақ, тергеу мәліметінше, ер адам әмияннан 1,2 миллион теңге мен сөмкеде тұрған 250 мың теңгені алып кеткен. 

Содан шкафта тұрған жалпы сомасы 795 мың теңге болатын алтын бұйымдарды алып кетеді, Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі - 3 триллион 260 мың теңге. 2017 жылдың 2 шілдесінде ол судья Жексембинованың үйіне барады. "Жатын бөлмеде тұрған металл сейфті ашып, онда жатқан 23 миллион 556 мың 220 теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Мұнымен қоса, судьяның 1,2 миллион теңге, 3 мың доллар және 500 еуросын ұрлап кеткен. Осылайша, Смаилов Жұмағали Жексембиұлына келтірілген шығынның жалпы көлемі - 2 миллион 342 мың 735 теңге", - делінген судьяның құжатында. Сотталушының өзі қазіргі уақытта Талдықорғандағы ЛА-155/16  мекемесінде қамауда. Сондай-ақ, айыпталушының қылмысты жалғыз жасамағаны айтылады. Қазіргі уақыта полиция қылмыстық істі тергеп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 ақпан 2018, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.