Атырау, 21 ақпан 15:55
Кешке ашық-5, түнде -8
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 318.99  € 393.70  P 5.62

АСА ісі: Апаттан ақша жасаған ба?    

13 ақпан 09:47

12 ақпанда Атырау қалалық №2 сотында «АтырауСуАрнасы» КМК бұрынғы директоры Андрей ТАШЛЫКОВ пен бөлім бастығы Гүлмира ОЖЫРАЕВАҒА қатысты сот отырысы жалғасты. Сот осы іске қатысты тағы бір айыпталушы Виталий ОЛЕЩЕНКО прокурормен процессуалдық келісімге келуге өтініш түсіргендіктен, оның ісін «АСА» ісінен бөліп қарайды.

Отырыс Ожыраеваның адвокаты Аслан Жолболовтың өтініш-талабымен басталды. Ол Атырау қалалық әкімдігін жапа шегуші тарап ретінде танымауды сұрады: «АтырауСуАрнасы» КМК заңды тұлға болып танылады және 2018 жылғы 17 қаңтардағы Атырау қалалық әкімі Серік ШАПКЕНОВТІҢ бұйрығымен барлық КМК мүліктері облыс әкімдігінің қарамағына берілгендіктен, бұл іске қалалық әкімдіктің қатысы жоқ екенін айтты.

Прокурор Досбол БАГИТЖАНОВ бұл талап арыздың негізсіз екенін айтып, судьяға өзінің қарсылығын білдірді. Оны қалалық әкімдіктің өкілі де қолдады:

- Атырау қалалық әкімінің 2006 жылғы бұйрығымен «АтырауСуАрнасы» КМК құрылды. Осы кәсіпорынның басқарушысы Атырау қалалық ТКШ бөлімі болып табылады. Кәсіпорын өзін-өзі қаржыландырса да, барлық мүліктері туралы, қаржыларды қайда, қандай мақсаттармен жұмсағаны жөнінде Атырау қалалық әкімдігіне есеп беріп тұрады.  Сол себепті мүліктері бізге қарасты бөлімге тиесілі болғандықтан, біз - жапа шегуші тараппыз.

Ташлыковтың адвокаты Тамара ЖҰБАНЫШОВА әріптесі Жолболовтың сөзін қолдады:

- «АтырауСуАрнасы» КМК Атырау қалалық әкімдігінің қарамағында болса да, 2016-2017 жылдар аралығында кәсіпорынға бір тиында бөлінбей, балансқа ешқандай мүлік берілмеген. Айыптау қорытындысында келтірілген шығын көлемі 45 миллион теңге деп жазылған. Бірақ осы іске қатысты осыған дейін қалалық әкімдік ешқандай азаматтық шағым түсірмеген. «АтырауСуАрнасы» КМК бірнеше ЖК-лармен келісімшарт жасап, түрлі тауарлар сатып алған. Осы құқықтық қатынасқа Атырау қалалық әкімдігі қатынаспаған. Қалалық әкімдік бір тиын бөлмей қалайша жапа шегуші болады? Тағы бір маңызды жайт: біз сараптамаға  қандай құжаттардың алынғанын білмейміз. Өйткені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл ұлттық бюросының департаменті біздің сұранысымызға «3 қорап құжат» деп қана қысқаша жауап берді.

Түскі үзілістен кейінгі сот отырысы прокурордың айыптау актісін оқумен басталды. Тергеудің болжамы бойынша, Ташлыков өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланып, 2016- 2017 жылдар аралағында кәріз және су құбырлары жүйесінде апаттар болды деп жалған акттер жасақтаған. Бұл жалған апатттарды жою үшін жаңа қондырғылар мен қосалқы бөлшектер сатып алу керек болған. Осы кезде қылмыс схемасына материалдық-техникалық бөлімнің бастығы Гүлмира Ожыраева қосылып, ол сатып алу жөніндегі жалған келісім шарттар мен шот-фактуралар жасаған. Кейін ол келісімшарт негізінде алдын ала келісілген жеке кәсіпкердің есеп шотына ақша аударып, ақшаны банктік есеп шоттан шешіп алып отырған. Ешқандай тауар мен қызметтер алынбаған. 2 қазан күні Ожыраеваға тиесілі автокөлікті тінту кезінде 1,1 млн теңге ақша табылған. Сонымен қатар, қалаға тиесілі 50 ауылдық округтің салқын су өлшеуіш құралын сатып алу үшін бөлінген қаржына да жымқырған. Осылайша олар 45 млн 855 мың теңге шығын келтірген.

Бұдан кейін сот отырысы куәгерлерді тыңдаумен жалғасты.



Фархат ӘБІЛОВ 

Видео мен суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

990 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

АСА ісі: Жапа шегуші - құрылтайшы  694 рет қаралды

Алаяққа үкім шықты  1210 рет қаралды

«АСА» ісі: Прокурор келісімге дайын  1420 рет қаралды

"АСА" ісі: алғашқы мойындаушы бар  1964 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5