Атырау, 25 сәуір 13:44
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Исламмен емес, радикализммен күрес»,«Жер кодексі. Өзгерістер туралы»,«Тек қазақша баяндама жасау Конституцияға қайшы ма?», «Путин жеңеді. Бірақ сайлаудан соң орыс халқы морт сынады», «Б.Имашев: "Жүрсіннің жүйрігі" болсақ та, жекеменшік ақыны емеспіз».

2 504 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Исламмен емес, радикализммен күрес» - Талдықорған қалалық білім бөлімі бірнеше мектепте жиналыс өткізіп, баласы хиджаб киетін ата-аналарға «оқушылар орамалдарын бір аптаның ішінде шешсін» деп ескерткен. Азаттық тілшісі сөйлескен ата-аналардың кейбірі жиналыс кезінде комиссия тарапынан агрессия байқағанын жеткізсе, кейбірі «қыздарымызға қысым жасалған болуы мүмкін» дейді.

«Саакашвили "Польшаға депортацияланды"» - Украинадағы оппозиция саясаткері Михаил Саакашвилидің Киевте ұсталып, Польшаға депортацияланғаны хабарланды. Оның наразы жақтастары Борисполь әуежайына жиналып тұр.

QAMSHY.KZ. «Амстердам соты Ұлттық қордың қаржысын бұғаттан шығара алмады» - Молдова кәсіпкері Анатолий Статидің айтуынша, Ұлттық қордағы 28 миллиард доллар Қазақстанға әлі де қолжетімсіз күйде қала береді.

«Мәсімов Қауіпсіздік кеңесіне хатшы бола ма?» - Қаңтардың соңында ел назарын аударып, қызу талқыланған тақырыптың бірі – «ҚР Қауіпсіздік кеңесі туралы» заң жобасының Парламент Мәжілісінің қарауына түсуі. Президент жанындағы консультациялық органның құқықтық сипатына қатысты өзгерістерді саралаған Qamshy.kz  алдағы уақытта құрылымда болуы мүмкін кадрлық өзгерістерге болжам жасайды.

ABAI.KZ. «Жер кодексі. Басты өзгерістер туралы» - Соңғы күндері Мәжілісте қаралып болып, Сенаттың қарауына өткен Жер кодексінің толықтырулар мен өзгерістер енгізілген жаңа нұсқасы дау-дамайға себеп болып тұрғаны белгілі. 

«Ғаббас Қабышұлы: Эфирдегі еліріс, сахнадағы сапалақтық» - Өткен жылдың соңғы екі айында дәрігерлер «ескірген» екі көзімді «жаңартып», оқу, жазу дегенді уақытша ұмыттырып, жаңа жылдың екінші аптасында ғана (кілең «екі» болғанын!) қаламыммен қайта табыстым.

INFORMBURO.KZ. «"Құдайы қонақты құт" санайтын қазаққа не болды» - Қонағын құдайдай күткен қазақ осы күні адамға сенуден қалған. Бөтенге есік ашпайтын болды. Тек кейбір ауыл қазақтары салтқа әлі берік екенін айтады.

365INFO.KZ. «Путин жеңеді. Бірақ сол сайлаудан кейін орыс халқы морт сынады» - 18 наурызда Ресейде президент сайлауы өтеді. Күні кеше Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына кандидаттарды тіркеуге құжат қабылдауды аяқтады. ОСК оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды «бұрын сотталған» деген желеумен тіркемей қойды. Ал сарапшылар Навальныйсыз сайлаудың ешқандай мәні мен маңызы жоқ дейді.

«Өмірі кешірмейміз» -  Қазақстан жазушылар одағын үзіліссіз 22 жыл басқарған Нұрлан Оразалин өз еркімен қызметінен кететін болды. Ал, бүгінгі жазушылар пленумында көптен бас қоспаған қаламгерлер одаққа қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

RATEL.KZ. «Біздің елде шоу-бизнес жоқ» - Қайрат ТҮНТЕКОВ «SuperStar KZ» теле байқауы арқылы сахнаға көтеріліп, тыңдарманын тапқан талант. Белгілі себептерге байланысты өнерлі жігіттің біраз уақыт сахнадан алшақтап қалғаны бар. Елімізде ұйымдастырылған «I m Singer» жобасы Қайраттың қайта сахнаға оралуына ұйытқы болды. Жуырда ел арасында «Қайрат елден кетеді» деген әңгіме тарады. Тыңдарман көңілін күпті еткен мәселенің мән-жайын әнші жігіттің өзінен сұрап білдік.

BAQ.KZ. «Тек қазақша баяндама жасау Конституцияға қайшы ма?» - 22 қаңтар күні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов жыл бойы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп берген-ді. Әртүрлі ұлт өкілі жиналған шарада әкімнің тек қазақ тілінде баяндама жасауы кей азаматтың наразылығын тудырды. Осыған орай, ҚР Әділет министрлігі «РҚАО» РМК директоры Рамазан Құмарбекұлы Сарпековтен мемлекеттік қызметкерлердің тек қазақ тілінде баяндама жасауы Қазақстан Конституциясына қаншалықты қайшы екенін сұрап көрдік, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

SPUTNIKNEWS.KZ. «Балғынбек Имашев: "Жүрсіннің жүйрігі" болсақ та, жекеменшік ақыны емеспіз» -  Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев Sputnik Қазақстан агенттігіне эксклюзивті сұқбат берді


13 ақпан 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.