Атырау, 20 сәуір 18:32
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

ФСБ: Қырымда «Украина тыңшысы» ұсталды

2 578 просмотра

ФСБ қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Симферопольде Украина азаматын тұтқындады. ФСБ ұсталған украиналық «Украина арнайы қызметіне аннексияланған Қырым аумағындағы ФСБ қызметкерлері мен Росгвардия бөлімдері туралы ақпарат жинап, беріп отырған» деп күдіктенеді.

Бұл бойынша «тыңшылық жасау» туралы қылмыстық іс қозғалды. Киев «тыңшы ұсталғаны» туралы ақпаратқа қатысты әзірге комментарий бермеді.

Ресей арнайы қызметі Қырымда «украин диверсанттары» мен «тыңшылары» ұсталғаны туралы жиі хабарлайды. Бірақ көп жағдайда қылмыс жасалғаны туралы ақпаратты іс материалдары «құпия» деп танылғандықтан тексеру мүмкін болмайды. Киев болса ФСБ-нің «украиналық тыңшылардың» ұсталғаны туралы ақпараттарды «жалған» деп жоққа шығарады.

Дереккөз: azattyq.org

12 ақпан 2018, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.