Атырау, 24 сәуір 09:16
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ресейдегі ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстарына төрт млн рубльден беріледі

1 487 просмотра


Ресейде апатқа ұшыраған «Саратов әуежелілері» компаниясына қарасты Ан-148 ұшағындағы жолаушылардың барлығы 2 миллион рубльге сақтандырылған. Бұл туралы Ресейдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

«Әдеттегідей сақтандыру 2 миллион рубль және жерлеуге 25 мың қосылады», – деп түсіндірді ол.

Бұған қоса Орынбор облысы бюджетінен қаза болғандардың туыстарына қосымша 1 млн рубльден бөлінеді. Мәскеу облысы губернаторы Андрей Воробьев аймақ бюджетінен 1 миллионнан бөлуге уәде берді.

Еске сала кетсек, 11 ақпан күні Мәскеудің «Домодедово» әуежайынан Орск қаласына бағыт алған Ан-148 жолаушылар ұшағы 10 минутқа жетпей, радардан жоғалып кеткен. Кейін ұшақтың Мәскеу облысының Раменс ауданында құлағаны белгілі болды.

Ұшақ бортындағы 71 адамның барлығы қайтыс болды. Олардың арасында 3 бала бар.

Дүйсенбі күні Орынбор облысында қаралы күн жарияланды. Шұғыл топ борттың «қара жәшігін» тапқан, екіншісі іздестіріліп жатыр.

Сонымен қатар, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ.

Алайда соңғы ақпаратқа сәйкес, Орск қаласында тұратын Темірлан Ақназаров есімді қазақ жігіті Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған лайнердің бортында болғаны белгілі болды.

«Саратов әуежелілері» компаниясына тиесілі Ан-148 ұшағының құлаған сәті видеоға түсіп қалған

Дереккөз: Baq.kz

12 ақпан 2018, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.