Атырау, 19 сәуір 04:23
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Йеменнің Ходейда провинциясына әуеден соққы жасалды

1 909 просмотра


Йеменнің Ходейда провинциясына жасалған әуе соққыларынан 9 адам қаза тапты.

Марқұмдардың бесеуі – әйел. Әуе соққыларын Сауд Арабиясы басқаратын коалицияның ұшақтары жасаған. Олар 2015 жылдан бері бүлікшілерді басуға талпынған Йемен үкіметіне қолдау көрсетіп келеді. 

Соңғы уақытта билік әскері хуситтердің бақылауындағы Джарахи аймағына шабуылды күшейткен. Бұған дейін олар Ходейда провинциясындағы екі аймақты өз бақылауына алған. 

Енді Джарахиді басып алуға дайындалып жатыр. Айта кетейік, Йеменде азамат соғысы 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне қарағанда осы уақыт ішінде 10 мыңға жуық йемендік қақтығыс құрбаны болған. Оған қоса 20 миллиондай тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж.

Дереккөз: 24.kz

12 ақпан 2018, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.