Атырау, 23 сәуір 21:45
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Ағаш тиегендей

Бейнежазба
2 764 просмотра


Өзбекстандық азаматтарды Шымкенттен Қазан қаласына алып бара жатқан автобуста болған қайғылы оқиғадан кейін атыраулық полиция мемлекетаралық трассаларда рейдтер ұйымдастырып жүр.

Маңғыстау облысынан шығып, Ресейдің Астрахан қаласына бет алған «Ford Tranzit» минивэн көлігін  тексергенде көлік салонын қайта жабдықтап, жеті адам артық тиеп келе жатқаны анықталды.

Ізінше республикалық маңызы бар «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тасжолынан тағы осылай кері жабдықталып, артық жолаушы алып келе жатқан тағы екі көлік тоқтатылды. 

- Жолаушыларды қоғамдық тамақтану орындарынан тамақтандырып, олар миграция қызметі полициясымен бірлесіп Ресейге бет алған көліктерге отырғызылып жіберілді,-дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. - Ал үш автокөліктің жүргізушісі, Өзбекстан азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтКның 590, 593 баптарына сәйкес 7 хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Жалпы «Автобус» жедел алдын алу іс шарасы кезінде 697 заң бұзушылық анықталды. Жылдамдықты асыру, ал 123-і қоғамдық көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Видеоны Атырау облыстық ІІД ұсынды

10 ақпан 2018, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.