Атырау, 24 сәуір 18:32
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Еуропалық одақ: Мысыр өлім жазасын тоқтату керек

2 273 просмотра


Еуропалық Парламент "Мысырды зорлық-зомбылық пен кез келген күш көрсету әрекеттерін тоқтатуға шақырып, ел үкіметіне адам құқығын қорғау мен қоғамның гүлденуі қатар жүретінін ескертті" - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі. 

Корнелл университетінің Орталығы мәліметінше, 2013 жылы билік басына Абдель Фаттах эль-Сиси (Abdel Fattah el-Sisi) келгеннен бері елде қолданылған өлім жазасының саны күрт артқан. Мысалы 2014 жылдан бері кемінде 97 адам өлім жазасына кесілген (2010-2014 жылдары 5 адам). 

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңес мамандарының айтуынша, Мысырдың құзырлы органдары көп жағдайда түрмедегілерді қинап, күш көрсетіп барып қол жеткізген дәлелдерді оларды өлім жазасына кесу үшін қолданады. 

Тараған мәліметке қарағанда,  2 қаңтар күні жергілікті билік органдарының шешімімен өлім жазасына кесілген 5 адам Александрияда дарға асылды. Олардың төртеуі 2015 жылдың сәуірінде болған жарылысқа қатысы бар деген айыппен сотталған болатын. 

2013 жылы Синай түбегіндегі сарбаздардың өліміне алып келген террористік іс-әрекеттері үшін сотталған 15 адам 2017 жылдың 26 желтоқсанында Александрияда өлім жазасына кесілді.

Дереккөз: “The Qazaq Times

9 ақпан 2018, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.