Атырау, 20 сәуір 03:29
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Елбасы әкiмдердi орнынан тұрғызып: Жұмыс iстей алмасаңдар, айтыңдар

1 947 просмотра


Бүгiн Астанада Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтiлген Үкiмет отырысы өтiп жатыр. Жиында Елбасы облыс әкiмдерiнiң жұмысын сынады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Жиында Елбасы Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң кейiнге шегерiлуiнiң себебi - денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру проблемасы, электрондық паспорттың жоқтығы екенiн айтты. Елбасы өңiрлерде компьютерлермен қамтамасыз ету деңгейi мен интернет сапасының төмендiгiне назар аударды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұған тiкелей әкiмдер жауапты.

Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов медицина саласы қағазбастылықты жоятынын айтты. Мемлекет басшысы медициналық мекемелерде ақпараттық жүйенiң ең нашар көрсеткiшi тiркелген өңiрлердi атады. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында интернетпен қамту деңгейi 21 пайызды құрайды екен.

«Даниал, (ШҚО әкiмi Даниал Ахметов - авт.) орныңнан тұр. Ақтөбе облысы - 37 пайыз, Астана - 31 пайыз. Барлықтарың орындарыңнан тұрып, есеп бергенше отырмаңдар», - деп Елбасы әкiмдердi орынан тұрғызды.

Даниал Ахметов жұмыстың дұрыс жүргiзiлмеуiне Қаржы министрiн кiнәласа, Ақтөбе облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаев өңiрде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi сапалы интернет желiсiн ендi тартатынын айтты. Әсет Исекешев жұмыс белсендi түрде жүргiзiлiп жатқанын жеткiздi. Мемлекет басшысы бұл мәселенi жылдам шешудi тапсырды.

«Бұл - әр адамның денсаулығы. Мұнда ұсақ-түйек мәселе жоқ. Барлығы маңызды. Министрлiк (Денсаулық сақтау министрлiгi - авт.) барлығын үйлестiрiп, орталық болуы керек. Әкiмдер орындауы керек. Iстей алмасаңдар, айтыңдар. Сендерге не кедергi жасап отыр?» - дедi Елбасы.

Дереккөз: Baq.kz 

9 ақпан 2018, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.