Атырау, 24 сәуір 15:36
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Шымкентте әйел мен екі баласының денесі табылды

2 549 просмотра


Шымкентте белгісіз біреулер үш адамды өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды TVKОқиға 8 ақпанда болған. Телеарнаның мәліметінше, қылмыс қаладағы ескі ықшамаудандардың бірінде жасалған.

"Полицейлер үйден әйел мен оның екі ұлының денесін тапты. Әйелдің 1965 жылғы екені, ал ұлдарының 1995 және 2005 жылғы екенін анықталды. Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Видеобақылау камерасында жазбалар зерттеліп, тексеріс жүргізіліп жатыр", - дейді телеарнадағылар. 

"Бұл туралы бізге учаскелік полицей айтты, бірдеңе көрдік пе - соны сұрады. Бірақ мен ештеңе көрмедім. Мұнда әйел балаларымен бірге тұратын. Кейде кездесіп қалатынбыз, үнемі амандасатынбыз", - дейді көршілердің бірі.



Дереккөз: tengrinews.kz

9 ақпан 2018, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.