Атырау, 29 наурыз 18:35
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі басталды

1 809 просмотра


Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен ел Үкіметінің кеңейтілген мәжілісі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Отырыс барысында еліміздің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, алдағы уақытта экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар айқындалады деп күтілуде. 

Айта кетерлігі, 2017 жылы ішкі жалпы өнім өсімі 4 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,5 пайызға артып, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,1 пайызға ұлғайды. 2017 жылдың 9 айында шетел инвестициясының таза түсімі 3 034,8 млн долларды құрады. 

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 69,5 млрд долларға жетіп, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,1 пайызға артты. 

Оның ішінде экспорт көлемі 43,1 млрд долларға жетіп отыр. Ұлттық банктің алтын-валюта активі 31,1 млрд доллар болды. 2018 жылдың 1 қаңтарында жеке тұлғалардың депозиттері 3,7 пайызға көбейіп, 8120,9 млрд теңгені құрады. Өңірлік шекте өнеркәсіп өндірісінің көлемінің артуы 14 өңірде байқалды. 

Ең жоғары өсім Атырау облысы мен Астана қаласында тіркелген. Ал ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі 2,9 пайызға жетті. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің еліміздің 14 өңірінде байқалғанын атап өткен орынды. 

Ең жоғары өсім - Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында. Құрылыс саласындағы өсімнің жоғарылауы Қостанай, Ақмола, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында байқалады. Жалпы, 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында пайдалануға берілген үйлердің өсімі 6,2 пайызға жетіп отыр.  

Дереккөз: inform.kz

9 ақпан 2018, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.