Атырау, 24 сәуір 04:57
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Ресейде президенттікке үміткерлерді тіркеуді аяқталды

1 297 просмотра


Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлерді тіркеуді аяқтады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының басқарушысы Элла Памфилова хабарлады. 

Тізімдегі өзін-өзі ұсынып отырған жалғыз үміткер – Владимир Путин. Қазіргі Президенттің саяси додада жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Ал Либералды-демократиялық партия атынан Владимир Жириновский сайлауға түспек.

Сонымен қатар тізімде Павел Грудинин Яблоко партиясынан Григорий Явлинский бизнес-омбудсмен Борис Титов, Сергей Бабурин, Максим Сурайкин мен тележүргізуші және оппозиционер Ксения Собчак бар. 

Президенттік сайлау 18 наурызда өтеді. Элла Памфилова, РФ ОСК басқарушысы: – Мен барлығына сәттілік тілеймін. Үгіт-насихат шаралары жоғары деңгейде жүргізіліп, сайлау ашық және әділ өтеді деп ойлаймын.

Дерекккөз: 24.kz

9 ақпан 2018, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.