Атырау, 28 наурыз 18:09
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Ешкімді күштеп екпейміз»

Сурет Бейнежазба
2 307 просмотра


Ақпан айының басында облыс көлемінде 639 ЖРВИ (жіті респираторлық вирустар инфекциясы, ел арасында қарапайым суық тию деп айтады) тіркелген. Бұл туралы облыстың штаттан тыс бас эпидемиологы Гүлжамал ТАУБАЕВА хабарлады.

Бүгінге дейін облыс бойынша 70615 (облыс тұрғындарының 12 пайызы) адам тұмауға қарсы екпе алған. Жергілікті бюджеттің 36,6 млн теңге қаражыға 42 мың доза сатып алынған болса, денсаулық сақтау министрлігінен облыстағы мектеп оқушыларына арналып 10 мың доза бөлінген.

«АЖ» сауалы:

- Көптеген ата-аналар балаларын егуге қарсы. Мұндай жағдайда артық қалған екпені қалай пайдаланасыздар?

- Жалпы, вакцинациялау алдында екпенің қандай жағдайда жасалатыны, оның әсері екпе алушыларға ерікті түрде түсіндіріліп, олардың келісімі алынады.

Облыстық жедел жәрдем қызметінің директоры Гүлнәфис ТАҢБАЕВАНЫҢ айтуынша, өткен жылы бір айда 17 мың шақырту түсетін болса, биылғы есептік кезеңде 20 мың шақырту түскен. Соған байланысты, жедел жәрдем қызметінде бұрыннан бар үш пултьке «Қазақтелеком» АҚ арқылы қосымша 2 пульт қосылған, алдағы күндері тағы 2 пулть қосу жоспарланып отыр.

- Әлеуметтік желілерден шақырту беру кезінде диспетчерлік қызметтің бос болмайтыны жөнінде шағымдарды көреміз. Біз талдау жасағанда, кешкі уақытта бір сағаттың ішінде тұрғындардан 60 шақырту түседі екен. Демек, халықтың жауап ала алмаулары осыдан түсінікті,- деді Г. Таңбаева.


Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Сурет пен видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 ақпан 2018, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.