Атырау, 18 сәуір 22:25
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Оқиғалар тізбегі

2 662 просмотра


Құрманғазы ауданының Әлсейіт ауылында 29 қаңтарға қараған түні пеш мұржасының жарамсыздығы салдарынан екі адам газден уланды. Олар ауруханаға жатқызылды.

***

Қаңтардың 29-да Атырауда Сырым Датов көшесінің бойындағы бір қабатты кафе ғимаратының шатыры өртенді. Шамамен бір сағат өткенде өрт ауыздықталып, өшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

***

Ақпанның 1-інде кешкісін 101 қызметіне Авангард 3-ші ықшамауданындағы №32 үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенде асүйдегі терезенің алды жанып болған. Өртті көршілері сөндіріпті. 85 жастағы әжейге иіс тиіп, облыстық ауруханаға жатқызылды. 

8 ақпан 2018, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.