Атырау, 25 сәуір 16:29
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жалақы, спорт, ЖМКА ғимараты және ауыл бюджеті туралы

3 307 просмотра


Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева брифингте 2017 жылғы бюджеттің орындалуы және жекешелендіру жұмыстары туралы айтты.

Облыста өткен жылы 42,3 млн тонна мұнай, 20,9 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 25,6 және 31,3 пайызға артық. Инвестиция көлемі - 2 трлн 456 млрд теңгені құрады.

- Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша: 624 мың шаршы метр тұрғын үй берілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға артық.

Орташа айлық жалақы 259 834 теңге шамасында (былтыр 266 342 теңге). Шығыстар бойынша – бюджет 100 пайызға орындалды, қалдық 99,3 млн теңгені құрады, - деді А. Әжіғалиева.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына коммуналдық меншік бойынша 15 нысан кірді: соның ішінде «АЖ» қаңтарда нақтылап жазған 8 спорт нысаны бар.

- Бірінші саттықтан-ақ «Атырау Бас жоспары» және «Құрманғазы жолдары» ЖШС сатылып кетсе, екінші саттықтан «СӨСҚО», облыстық Геотехникалық орталығы және «Ұлттық спорт түрілерінің облыстық клубы» өтті, қалған нысандар үшінші хабарландырудан кейін ғана сатылды, - дейді Айгүл Әжіғалиева.

- Сатылып кеткен нысандарды қаржыландыру қалай жүзеге асады? Олар сенімгерлік басқаруға тапсырылды ма?

- «Арнаулыавтобаза» ЖШС-н кейіннен сатып алу мүмкіндігімен сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда. Егер мемлекеттік тапсырыс қалатын болса, тендерлік конкурсқа қатысуға болады. Мысалы, футбол командасы бұрын мемлекеттік мекеме болды (бюджеті 2 млрд теңге), енді оны қаржыландыру облыстық спорт басқармасының ұсыны бойынша қаралатын болады. Егер бюджеттік комиссия мен мәслихат сессиясы футбол командасын қаржыландыруды қалдырса, олардың тендерге қатысуға құқығы бар. Егер ұтса, қаржыландыруға ие болады.

- 2018 жылы бюджеттен облыстық спортқа қанша қаражат бөлінді?

- 5 млрд-тан астам сома.

- «Мұнайшы» спорттық кешені ары қарай не болады?

- Біз мүлікті сатқан жоқпыз, тек қызметін, лицензиясын саттық. Мүлкі, ғимараты, жері қалада қалды.

- ЖМКА ғимаратына жөндеу жүргізіліп жатыр. Ол жерді біреулер сатып алды деп естідік.

- Жоқ, ешкім сатып алған жоқ, жөндеу жұмыстары жүргізілуде, Негізі 1 тоқсанда аяқталады деп жоспарланғанымен, 1 жартыжылдықта аяқталады. Қосымша ғимарат салу қарастырылуда. Мамандар қарап, ЖСҚ дайындады, ғимарат апатты жағдайда емес, жөндеуге келеді. Жұмыстар жүргізілуде.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, әкім орынбасары халық саны 2000-нан астам ауылдық округтердің әкімшіліктеріне өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілуіне байланысты 2017 жылы кесте бойынша 72 ауылдық округтің әкімдерін, есепшілерін, басқа да мамандарын оқыту жұмыстары жүргізілгенін айтып өтті. Аудандарда экономика, қаржы басқамасының, салық департаментінің мамандары жұмыстар жүргізген. 72 округтің 49-ының 2000-нан жоғары халқы бар, олардың бюджеті бекітіліп, қазынашылықта тіркеуден өтті.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 ақпан 2018, 19:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.