Атырау, 29 наурыз 03:47
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

200 мыңға жуық Тәжікстан азаматына Ресейге кіруге тыйым салынды

1 998 просмотра


2017 жылы Ресей Тәжікстанның 122 мыңнан аса еңбек мигранттарын амнистиялады. Аз бөлігі ресми құжат алса, қалғандарына бұрын кіруге тыйым салынған Ресей есіктері қайта ашылды. Дегенмен, бұл шешімге қарамастан Ресейдің көші-қон заңын бұзған 181 мың тәжік азаматына елге кіруге тыйым салынған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі theopenasia.net сайтына сілтеме жасап.

Тәжікстан азаматтарына арналған көші-қон амнистиясы Ресейде 2017 жылдың 25 наурыз - 24 сәуір аралығында болды. Тәжікстанның еңбек, көші-қон, халықты жұмыспен қамтамасыз ету министрлігінің басшысы Сумангул Тагойзода баспасөз отырысында «Бұл процесс тек бір айға созылды, аз уақыт ішінде барлығын ақпараттандыру қиынға соқты» деді.

Министрдің айтуынша, аталған органдар Ресейдің сәйкес құрылымдарымен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде 122 мың еңбек мигранты Ресей Федерациясының органдарына көмекке жүгінген. 20 мың адам ресми мекен-жайын бекіткен, 102 мың адамға Ресей территориясына кіруге болады.

«Көші-қон амнистиясы екі категориядан тұрады. Азаматтарға кіруге рұқсат беру және ресми тіркеу», - деп түсіндірді Тагойзода.

Айта кетейік, көші-қон амнистиясы Ресейге кіруге тыйым салынған барлық азаматқа қатысты емес. Яғни, мигрантқа кіруге рұқсат тыйым салынған мерзіміне емес, құқық бұзғанына қарай берілген.

«Шараны өткізген соң бірталай қиындық болды. Ресей үкіметіне тәжік азаматтардың өтініштері келіп түсті. Мәселелер дерекқордың сәйкес болмауы себепті туындады. Дегенмен, бұл кемшіліктерді де жойып үлгердік», - дейді министр Сумангул Тагойзода.

Амнистия екі-үш жыл уақытқа Ресейге кіруге тыйым салынған азаматтарға және Ресейде уақытша тұру мерзімінің біткен уақытынан кейінгі 30 күн ішінде елден кетпегендерге қатысты.

Сумангул Тагойзода көші-қон рақымшылығына іліккеніне қарамастан кедергілерге тап болған азаматтарға Ресейдегі Тәжікстанның еңбек министрлігіне немесе Душанбедегі министрлік қызметіне баруға кеңес берді. Министрліктің дерегінше, 2017 жылы Ресей мен Тәжікстанның эксперттері кіруге тыйым салынған тәжік азаматтарының құжаттарын 5 категория бойынша қарастырды. Нәтижесінде 313 азаматқа Ресейге қайта кіруге рұқсат берілді.

Дереккөз: Baq.kz 

7 ақпан 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.