Атырау, 19 сәуір 21:21
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Көңілің құламасын

2 901 просмотра


Атырау облысында денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша «эпилепсия» диагнозымен 680 адам, соның ішінде 412 адам есепте тұр. Ал аймақта бірде бір маман-эпилептолог жоқ.

Осы диагнозға шалдыққан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге, атап айтқанда, облыстық перинаталдық орталықтың оңалту бөлімшесінде көмек көрсетіледі. Бұл дертпен, бөлімше психологы Бәдинұр МҰХАНТАЕВАНЫҢ айтуынша, невропатолог, физиотерапевт және психолог айналысады. Бірақ салалық маман бұл жерде де, басқа медициналық мекемеде де жоқ. Мұны денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Алмагүл ҚАБДЫРАХМАНОВА растады:

- Облыс бойынша 17 балалар невропатологы бар, олар эпилепсияны да емдейді. Қазіргі уақытта бізде эпилептолог жоқ, бірақ біздің кадрлар бөлімі осы проблемамен айналысады.

- Ем қалай жүргізіледі?

- Науқастарға препараттармен емдеу тағайындалады, егер 2 жыл ішінде ұстама қайталанбаса, оңалтуға көшеміз. Осындай диагнозы бар балаларды веб-портал арқылы облыстық балалар ауруханасының неврология бөлімшесіне қабылдайды, кей жағдайларда – Алматыдағы «Ақсай» емханасына жіберіледі.

- Эпилепсияға шалдыққан науқастарға дәрі-дәрмектер тегін беріледі. Бұған қанша қаржы бөлінген?

- 2017 жылы жергілікті бюджеттен осы мақсатқа 113 млн 425 мың теңге бөлінді.

«АЖ» тілшісі Алматыдағы Neuro Line диагностикалық орталығының эпилептологы Андрей ПЕТРОВПЕН хабарласты.

- Эпилептологияны неврология салаларының бірі ретінде қарастырады, сондықтан бұл сырқатпен неврологтар да айналысуда. Өкінішке орай, елімізде маман-эпилептологтар өте аз, - дейді ол.

- Эпилепсияның негізгі белгілері қандай? Толықтай емдеуге болмай ма?

- Негізгі белгілері – естен айыратын ұстамалар, аяқ-қолдардың түйілуі, ауыздан көбік немесе сілекей ағу. Сонымен қатар, сырт көзге байқалмайтын белгілер де болады: науқас құламайды, көбік немесе сілекей көрінбейді, бірақ қысқа уақытқа есінен айырылып құлайды. Бұл бірнеше секундтан бес минутқа дейін жалғасуы мүмкін. Бұл кезде өлім қаупі жоғары емес. Бірақ, мәселен, егер пациент препарат қабылдауды доғарса, жарты немесе одан көп уақытқа созылатын ұстама ұстау қаупі артады. Арнайы препараттар тиімді: ұстамалар анағұрлым сирек немесе әлсіз болады, кейде мүлдем тоқтап қалады, сол кезде препараттарды қабылдауды тоқтатуға болады. Бірақ, өкінішке орай, көпшілігінде эпилепсия өмір бойына қалады.

Атырау студенті А.С. өз сырқаты туралы былай деп әңгімелейді:

- Анамның айтуынша, 8 жасымда қояншығым ұстай бастаған. Бұл мектептерде жиі орын алатын, өйткені бала кезімде бостан-босқа әлденеге ызаланып, өзіме күтім жасамайтынмын. Қазір ұстамам сиреді, соңғы рет өткен жылдың қыркүйегінде ауырдым. Егер қатты ашулансам ауырып қалатынымды байқадым. Бірақ аузымнан көбік ақпайды. Соңғы кездері 3-4 ай сайын Астраханнан ем алып тұрамын. Толық жазылып кетемін деп үміттенемін.

Ал кішкентай Айқынбектің ата-анасы тегін дәрі-дәрмек алмайтындарын айтты:

- Біз мекенжайымыз бойынша емханада есепте тұрмыз. Ұлымыз 10 жаста, алғаш рет 4 жасында ұстамасы ұстады. Карбалекс немесе депакин қабылдап жүрміз. Оларды тегін алмаймыз, Астанадан тапсырыспен алдыртамыз.

Фархат ӘБІЛОВ

6 ақпан 2018, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.