Атырау, 24 сәуір 17:27
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ойын аяқталды

3 129 просмотра


№2 Атырау қалалық соты астыртын ойынхана ұйымдастырды деп айыпталған Ресей Федерациясының азаматына қатысты үкім шығарды.

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі хабарлағандай, ойынхана ғимаратын тексеру барысында покер үстелдері, электронды рулеткалар, фишкалар, сондай-ақ, ақшалай қаржы - 17 млн 297 мың теңге, 360 000 Ресей рублі және 68 210 АҚШ доллары тәркіленіп алынды.

Сот азамат В.Гайтанжиді ҚР ҚК-нің 307-бабы («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім  шығарды.

Фархат ӘБІЛОВ

6 ақпан 2018, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.