Атырау, 28 наурыз 22:57
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ғарыштан бақылау қажет

2 556 просмотра


Атырау облыстық ТЖ департаменті 2018 жылы өңір аумағындағы су тасқыны мен дала өртіне ғарыштық мониторинг жасауға тендер жариялады. Бұл қызмет бюджетке 5,8 млн теңгеге шығады.

Мердігерге веб-портал ашып, оған аталмыш кезеңдерде тәулігіне 2 рет күндізгі және түнгі түсірілім негізінде төтенше жағдайлар туралы (су тасқыны бойынша – 1 наурыз бен 15 мамыр аралығы, дала өрті бойынша – 1 мамыр мен 15 қараша аралығы) картографиялық және аналитикалық ақпаратты жүктеу міндеті жүктеледі.

Әдетте бұл жұмысты Атырау үшін «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш компаниясы орындайтын еді. Бірақ, ТЖД басшыларының айтуынша, өткен жылдың 24 мамырында Исатай ауданы Жанбай ауылының жанындағы қамыс өртенген ірі өрт кезінде, неліктен екені белгісіз, ғарыштық спутниктен сигнал түспеген.

Атырау төңірегінде де қамыс жиі өртенеді. Сағат секілді жұмыс жасап тұру үшін спутниктік бақылау қажет.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 ақпан 2018, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.