Атырау, 21 ақпан 15:39
Кешке ашық-5, түнде -8
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 318.99  € 393.70  P 5.62

Сенатор жүн мәселесіне алаңдаулы

5 ақпан 17:26

Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды

Астанада Атырау облысынан сайланған сенатор Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ және өңдеуші өндіріс орындары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте шикізаттың тапшылығы және Қытайға жүндерді заңсыз жөнелту туралы әңгіме қозғалды.

- Біз сенатордан біздің өнімімізді (атап айтқанда, жамылғыны) сатып алушылармен – білім беру, қорғаныс, денсаулық сақтау және т.б. министрлік нысандарымен кездесу ұйымдастыруды өтіндік. Оған қоса, шикізат тапшылығы туралы мәселені көтердік. Біздің өңірімізде бұл үлкен проблема. Шикізаттың басым бөлігі – қой мен түйе жүні заңсыз жолмен Қытайға жөнелтіліп жатыр. Ол жақтан сол жерде тұратын қазақтар келіп, аудандарды аралап, қолма-қол ақшаға сатып алады, - дейді кеңеске қатысушы, «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС директоры Назгүл ЕСМАХАНОВА. – Біз реттеу үшін ауылшаруашылығы министрлігінде осы мәселені көтердік. Кеңесте өз өнімдерімізді – табиғи түйе және қой жүндерінен жасалған бюджеттік және элиталы жамылғыларды таныстырдық.

- Өндірушілерден жүнді қандай баға бойынша сатып аласыздар?

- Қой жүні 4 түрге бөлінеді – жұқа, жартылай жұқа, қатты, жартылай қатты. Еділбай тұқымды қойдың қатты жүнінің бір келісі 30 теңгеден бастап, одан жоғары – 300 теңгеге дейін барады. Түйе жүнінің бір келісі 350-400 теңге.

- 2016 жылы «АЖ»-ға Қызылқоға ауданында ешкімге жүн өткізе алмай, оны жол бұзылған кезде фермерлердің жолға төсегендігі туралы материал шыққан еді..

- Иә, солай. Біз фабриканы ашқан кезде әкімдіктегілер жиналыс өткізіп, ол жерде әр ауданнан сервистік-дайындау қосындарын ашу қажеттігі туралы айтты.

Облыс аудандарында тұрғындардан мемлекеттік бағдарлама бойынша ет пен сүт қабылдайтын қосындар бар. Бұл кооперативтерге ақша бөлінеді, ал жүн сатып алу бойынша ондай ештеңе жоқ. Адамдар, тіпті, егер олар ресми түрде жүн тапсырса, оларға субсидия тиесілі екенін білмейді де.

Біз өткен жылы еділбай қойының қатты жүнін қабылдаған жоқпыз. 30 теңге үшін шаруалар оны жинап, қаттағысы келмейді. Одан да лақтырып тастаған оңай. Бірақ, мәселен, «Первомай» ЖШС жүнді жинайды, олардың нығыздауыштары да бар. Айына 5-6 тоннадан тапсырады. Шағын шаруашылықтар мұнымен айналысқылары келмейді.  Көпшілігі түйе қырықпайды. Мал далада жайылады, сол жерде түлеп, жүндері желмен ұшып кетеді.

- Сіздер енді сатып алу бағасын көтеруге дайынсыздар ма?

- Маңғыстау облысында мал шаруашылығы қатты дамыған. Сондықтан өткен жылы біз сол жаққа барып, облыстық әкімдікпен жүн жеткізу және субсидиялар туралы меморандум жасадық. Біз өзіміз сатып алу бағасын көтере алмаймыз, ондай жағдайда біздің өндірісіміз тиімсіз болады.

- Неліктен өндірушілер жүнді қытайлықтарға сатады?

- Өйткені қытайлықтар оны бір келісін 700 теңгеден сатып алады. Ал бізде ондай ақша жоқ.

Ал «АЖ» тілшісі Ләззат ҚАРАЖАНОВАНЫҢ фермерлер мен ауыл басшыларынан жинаған комментарийлері мынадай.

Мәрзия ӘБІШЕВА, «Назгүлім» ШҚ басшысы:

- Біз жүнді лақтырып тастаймыз. Мал өсірушілердің көпшілігі солай жасайды. Менің түйем жоқ, тек қойларым бар. Қой қырқу үш кезеңнен тұрады: қатты жүнді қырқу, көктемгі және күзгі қырқу (жабағы, күзем). Жыл ішінде 2-3 тонна жүн алынады. Біз барынша одан құтылғымыз келеді, енді не істейміз? Бізде оны ешкім сатып алмайды, сақтайтын жер де жоқ. Егер қыстаудан кейін бүкіл жүнді жинайтын болсақ, әртүрлі паразиттер пайда болып, өртеуге тура келеді. Жалпы, қой жүнін қазір ешкім алмайды. Ал 80-ші жылдардың аяғында жақсы алатын еді, матрастар, күпәйкелер, байпақтар жасайтын.

Нұртас ҚУАТБАЕВ, Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы:

- Ауданда мал жүнін тапсыратын және сақтайтын арнайы жер жоқ. Көбінесе Жамбыл облысынан келеді, түйе мен ешкі жүнін бір келісін 600-700 теңгеден сатып алады. Біз «Лана Атырау» үшін адам бөліп, жүн қабылдайтын орын белгіледік. Оларда бір келісі 300 теңгеден. Бұл өте аз. Қытайдан келіп, жүн сатып алады дегенді естіген жоқпын.         

Жәнібек ТҰРДАҒАЛИЕВ, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары:

- Жүн мен жүн өнімдерінің сұранысқа ие еместігін мойындау керек. Бәрі де жұқа жүн алғысы келеді, біздікін ешкім сатып алмайды. Кәсіпкерлер түйе мен ешкі жүнін сатып алады, ал қой жүнін алмайды. Біздің ауданға Қытайдан ешкім келген жоқ.

Қыдыржан ЕРМҰХАНОВ, Исатай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы:

- «ЛанаАтырау» түйе жүнін сатып алады, бірақ қандай бағамен – білмеймін. Қой жүні проблема, оны сатып алатын ешкім жоқ.

Мұхит ТАЛПАҚОВ, «ҚожанапесАТА» ШҚ басшысы:

- Менде малдың барлық түрі бар. Қазір өнім өткізу, әсіресе, жүн өткізу қиын. Кеңшарлар тарағаннан кейін қой жүнін ешкім алмайды. Түйе жүні де көп өтпейді, ал ешкі түбітіне сұраныс көп. Біз оны бір келісін – 600-700 теңгеге өткіземіз. Құлсарыда жеке тұлғалар сатып алады, ал олардың әрі қарай қайда сататынын білмейміз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

716 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Кішкентай кабинеттегі үлкен пирамида  1587 рет қаралды

Фермер, дәрігер, наубайшы, тігінші  1622 рет қаралды

«Ембімұнайгаз» АҚ: Біз серіктестікке дайынбыз!  743 рет қаралды

"Суға кеткен өзі қарманады"  946 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5