Атырау, 19 сәуір 21:33
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ұсақ ұрылар мен түнгі "құйындар"

Бейнежазба
6 330 просмотра


2017 жылы  140 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, соның ішінде,  107 000-ы - жол қозғалысы ережелерін бұзу. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Нұрым ОРАЗБАЕВ хабарлады.

Облыс аумағында жаңа ықшамаудандарға қосымша 34 (Атырау қаласында – 20, аудандарда - 14) учаскелік полиция бекеттерінің құрылысы биыл басталады. Одан бөлек, облысымызда «Электронды әкімшілік іс» жобасы енгізілуде. Аталған жоба бойынша полиция қызметкерлері арнайы планшеттермен және мобильді принтерлермен қамтамасыз етіледі.

АЖ сауалдары:

- Көптеген қала тұрғындары велосипед, телефон ұрлану сияқты ұсақ қылмыстардың ашылмайтынына шағымданады. Жалпы, ұсақ қылмыстың аяқталу мерзімі қандай?

- Қылмыстың барлығы жүз пайыз ашылады деп айта алмаймын. Бірақ, оны ашуға көптеген шаралар ұйымдастырып, өткізіп келеміз. Зардап шегушіден телефон ұрлатқаны бойынша арыз түссе, тез арада ұрланған телефоны құлыпталып, ары қарай іздестіру шарасы қолға алынады. Кейбір арызданушылар бір-екі айдан кейін қылмыстық іс жабылса, ары қарай жұмыс жүрмейді деп ойлайды. Тергеу амалы тоқтатылғанымен, одан әрі жедел қызметкерлеріміз іздестіру жұмыстарын жалғастыра береді.

- Атырауда «темір қабылдаймыз» деген хабарландыруларды көзіміз көреміз және кабель, темір ұрлығы тыйылмай отыр. Бұл саланы қалай бақылауға аласыздар?

- Біз шағын және орта кәсіпкерлерді тексере алмаймыз. Бірақ ұрлықтарды ашумен айналысамыз. Жақында Привокзальный ықшам ауданынан темір-терсекпен заңсыз айналысқан топты ұстадық. Ол бойынша іс сотқа жолданды.

- Автокөлік жүргізушілерінің түнгі уақытта қала ішінде қатты жылдамдықпен жүретінін де көріп жүрміз. Олармен қандай жұмыстар жүруде?

- Бұл бағытта да үлкен жұмыстар атқарылады. Мысалы, жол қауіпсіздігін қадағалау мақсатында «Кордон» көпфункционалды құрылғысы алынып, орнатылды. Бүгінгі таңда оны орталыққа қосу жұмыстары жүріп жатыр. Олардың артықшылығы - күндіз және түнгі мезгілде де көлік жылдамдығын анықтайды.



Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Фото және видоены түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

5 ақпан 2018, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.