Атырау, 28 наурыз 14:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Тәжікстанда 15 ақпаннан бастап ескі көліктерді импорттауға тыйым салады

1 835 просмотра


Тәжікстанда 15 ақпаннан бастап 2005 жылға дейін шыққан көліктерді елге әкелуге тыйым салады. Бұл жөнінде үкімет қаулысында айтылған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

Тәжікстанға негізінен жеңіл көліктер Еуропа және Балтық елдерінен импортталады. Тасымалданатын транспорттың дені 90 жылдары және 2000 жылдың басында шыққан. Олардың 80 пайызы - Германияда жасалатын Opel маркалы көліктер.

2016 жылдың соңында Тәжікстанда жарты миллионнан астам көлік тіркелген. Олардың 50-60 пайызы - ескі. Тәжікстандағы қоршаған ортаны қорғау комитетінің қызметкері Саидусмон Судуровтың айтуынша, ескі көліктер ауаны ластап, қоршаған ортаға орасан зиян келтіріп жатыр. Сонымен бірге жол апаты да көбейген.

Бұл елде 2017 жылдан бастап жаңа көліктерге баж салығы 50 пайыз қысқарған.

Дереккөз: baq.kz

3 ақпан 2018, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.