Атырау, 25 сәуір 13:48
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Алматы және бірнеше облыс прокурорлары жұмыстан шығарылды

2 574 просмотра


Жыл қорытындысы бойынша прокуратура органдарының бірқатар басшылары жазаланды, деп хабарлайды Бас прокуратура баспасөз қызметі.

2018 жылдың 26 қаңтарында өткен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысының қорытындысы бойынша қылмыстық және азаматтық процесте, қылмыстық жазаны атқару саласында, сондай-ақ атқару өндірістерінде айтарлықтай кемшіліктер анықталды.

Анықталған тәртіп бұзушылықтар Бас прокуратураның комиссиясында қаралды.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен тәртіптік теріс қылығы үшін Алматы қаласы прокуроры Ғ.Т. Миразов лауазымынан босатылды, сондай-ақ қадағалау қызметін лайықты ұйымдастырмай, қылмыстық процесте жүйелі бұзушылықтарға жол беріп, сотта мемлекет мүддесіне қайшы өкілдік еткені үшін Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Д.Н. Сыздықов пен Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары А.А. Қожахметов қызметтен босатылды. 

Ақтөбе облысының прокуроры М.Ж. Қайыбжанов, Ақмола облысының прокуроры Т.Ғ. Тәшімбаев, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Б.Н. Асылов, сондай-ақ бірқатар облыс прокурорларының орынбасарлары әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дереккөз: sputniknews.kz

31 қаңтар 2018, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.