Атырау, 25 сәуір 22:09
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Қазақстан Қағазы» акционерлері сот ісін 183 млн фунтқа жеңіп алды

2 729 просмотра


Лондонның Жоғарғы соты «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның бұрынғы директорлары Мақсат Арип пен Шынар Диханбаеваны ірі алаяқтық іске кінәлі деп таныды. Бұл туралы thisismoney.co.uk сайты мәлімдеді.

Оларға ақшасын жоғалтқан акционерлерге өтем төлеу туралы бұйрық берілді. Айта кету керек, бұл үдеріс бес жылға созылды. Шағым сомасы 183 млн фунт стерлингті құрады. Алайда нақты ұйғарылған сома келесі айда жарияланады.

Сонымен қатар, басылымға сәйкес, Арип және Диханбаева бас директор және қаржылық директор қызметін 2004-2009 жылдар аралығында атқарған.

2013 жылы «Қазақстан Қағазы» Жоғарғы сотқа арыз берген. Себебі Лондон қор биржасында бағалы қағаздарды орналастыру арқылы табылған 494 млн фунт стерлингінің көпшілік бөлігі жоғалып кетті.

Бұрынғы директорлар компанияның ақшаларын заңсыз сатып алумен, соның ішінде құрылыс жобалары мен жерді сатып алғандары үшін айыпты. Шағым сомасы 183 млн фунт болды.

«Қазақстан Қағазының» ақпараты бойынша, айыпталушылардың әрекеттері компанияға үлкен зиян келтірді. Компания кредиторлар алдындағы берешектерін өтей алмады. 2016 жылы компания акциялары қор биржасындағы баға белгілеуінен алынып тасталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «Қазақстан Қағазы» компаниясының таза шығыны 1,3 млрд теңгеге жеткен.

Дереккөз: 7kun.kz

29 қаңтар 2018, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.