Атырау, 25 сәуір 10:23
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Газ: қарыздар, жобалар, шағымдар

Бейнежазба
3 631 просмотра


Биылғы қаңтар айының соңында тұтынушылар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалына 137 миллион теңге қарыз. Оның ішінде 69 миллионы тұрғындар еншісіне тиесілі болса, кәсіпкерлер 22 миллион ал бюджеттік мекемелер 46 миллион берешек. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте филиал директоры Максут АБУОВ мәлімдеді.

Облыста тұрмыстық газ құрылғылары мен жабдықтардың  алдын-ала тексеру жұмыстары «КТГА» Атырау филиалы және «РЦКУ-Атырау» ЖШС арасындағы келісілген шарт негізінде жүзеге асырылады. Алайда  жыл басында Исатай және Қызылқоға аудандарының тұрғын үй секторларында тұншықтырғыш газбен улану бойынша 3 жағдай тіркеліп, оның екеуі адам өліміне әкелген.

«АЖ» тілшісі сауалдары:

- 2017 жылы Азғыр аймағының 10 елді мекенін газдендіруге құны 10 млрд теңге болатын жоба қаралған болатын. Құрылыс басталды ма?

- Жобалау-сметалық құжаттары аяқталып, монтаждау жұмыстары басталып кетті. Магистралды құбырлар ауылдарға дейін жеткізіледі. Елді мекендер ішіне тұрғындар өздері келісімшарт жасап құбырларын сатып алу арқылы жүзеге асырады. Кейін күтіп баптау техникалық қадағалау жұмыстарын жасау үшін біздің балансқа береді. Аяқталуы жыл жарым уақытқа созылуы мүмкін.

- Нұрсая ықшам ауданындағы №20 көпқабатты үйдің тұрғындары жаз айынан бері газдың өте әлсіз беріліп келетініне наразы. Әсіресе кешкі уақытта тамақ пісіру мүмкін емес. Себебі қандай?

- Бұл мәселе жалғы бір көпқабатты үйде орын алса, ол сол үйдің жанындағы газды реттейтін шкафтан болады. Бұл жағдайды бүгін естіп тапсырма бердім. Барлық тұрғындарда техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарты болған жағдайда ретке келтіріледі.

- Оқырмандарымыздан тағы бір сұрақ: түбіртекте көрсетілген газ бағасы газ есептегіш арқылы өзіміз есептегеннен әлдеқайда артық шығады. Әр ай сайын осылай.

Сұраққа «РЦКУ-Атырау» ЖШС-нің директоры Асхат ЖУЛАТОВ жауап берді:

- Бұл мәселердің әрқайсысына әр түрлі жағдайлар себеп болады. Біріншіден газ төлемі екі айдан асып кеткен уақытта алдыңғы айдағы қалдықтар қосылған болуы мүмкін. Екіншіден, егер үйлерінде адам болмаса немесе есік ашпайтын өздігінен есептегіш көрсетілімін хабарламайтын жағдайлар кездесіп тұрады. Осындай кезде біздің қызметкерлер алдыңғы айлардағы орташа бағаны жазып әкетеді. Біз 2015-2016 жылдары газ бағасын адам басына есептедік. Қазір үй кітапшасын алып тастады. Бірақ әлі сол жүйемен есептеп жүрміз. Тұтынушылар «үйде екі адам тұрамыз, төрт адамға есептегенсіңдер» деп шағым айтып жатады. Бұл мәселе жақында «Смарт сити» технологиясы іске қосылғанда реттелетін болады.

 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор 

29 қаңтар 2018, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.