Атырау, 29 наурыз 16:56
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қуғыннан да, жазадан да құтылмады

2 997 просмотра

Қуғыннан қашып, полицей көлігімен соқтығысқан Атырау облысы тұрғыны 5 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 30 АЕК (72150 теңге) айыппұл жазасын алды.

Сағыз ауылының тұрғыны «ВАЗ-21099» маркалы көлікті мас күйде жүргізіп келе жатып, жол-патруль  қызметкерлерінің талабына тоқтамай, ізін жасыруға әрекеттенген. Қуғын кезінде мас жүргізушінің көлігі қызметтік көлікпен соқтығысқан.

«Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, жасаған ісі үшін кешірім сұрады. Соқтығысқан кезде салон ішіндегі жолаушылар зардап шеккен жоқ, көлік апаты нәтижесінде тигізілген зиян қалпына келтірілді», деп хабарлады Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

28 қаңтар 2018, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.