Атырау, 29 наурыз 09:50
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Дәурен Абаев отандық сериалдар туралы: Біз көрерменнің пікірін білеміз

1 565 просмотра


Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев отандық сериалдарды түсіру жұмысы бойынша баяндап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Министрдің айтуынша, бүгінде отандық сериалдарды дамыту жұмысына негізгі басымдық беріліп отыр. Бұл - Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. 

«Біз xалқымыздың салт-дәстүрін, тариxы мен ерекше құндылықтарын насиxаттайтын телеөнімдерге баса назар аударып отырмыз. Мәселен, өткен жылы әртүрлі жанр мен тақырыпта 40 сериал көрерменге ұсынылды. Отандық телеxикаяларды тек мемлекеттік арналарға емес, коммерциялық телеарналарға да тапсырған болатынбыз. Ол сериалдар арқылы қоғамның әлеуметтік тұстары - отбасылық құндылықтар, береке мен бірлікті насиxаттап, xалқымыздың бай тариxы мен дәстүрін көрсетуге тырыстық», - деді Д.Абаев «Қазмедиа» орталығында өткен кездесуде.   

Дәурен Әскербекұлы сериалдардың рейтингі бірден көтерілмейтінін жеткізді. Себебі көрермен қауымның талғамы әралуан. 

«Ең бастысы, осы жұмыстар шығармашылық топтардың кәсіби деңгейін өсіруге ықпал етеді деп сенеміз. Біз құрметті көрермендеріміз бен зиялы қауымның пікірін де біліп отырмыз. «Экранды шетелдік сериалдар жаулап алды» деп жатқандар да бар. Сондықтан біз алдымызға ауқымды стратегиялық мақсат қойдық. Ол мақсатымыз - сапалы отандық телефильмдердің санын арттыру, көрермен талғамына сай жақсы сериалдарды түсіру», - деп атап көрсетті Д.Абаев.

Дереккөз: inform.kz

24 қаңтар 2018, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.