Атырау, 29 наурыз 02:12
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

АҚШ сапары: айтулы алты келісім

1 897 просмотра


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трампен жақсы қарым-қатынас орнатты. Назарбаевтың АҚШ-қа сапары нәтижесінде, айтулы алты келісім жүзеге асырылды, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

1. Қазақстанның әуе паркі Boeing 737 MAX 8 және Boeing 787 Dreamliner ұшақтарымен толығатын болды. Тапсырыс көлемі – 9 ұшақ.

2. Еліміздің темір жолдарында 2019 жылдан бастап General Electric компаниясының тіркемелі локомотивтері жолаушы тасыйтын болады. Теміржол паркіне қосылатын GE локомотивтерінің саны – 300.

3. Қазақстанның денсаулық сақтау қызметін дамытуға АҚШ-тың сырқаттарды бақылау мен алдын алу орталықтары септеседі. Nazarbayev University – University of Pittsburgh Medical Center (UPMC) халықаралық онкоорталық құруға жұмыс жасалып жатыр.

4. Елімізде дәрі-дәрмекті тасымалдау мен сақтау үшін салқындату жүйелерін дамыту бойынша алғашқы қадам – «Pfizer» компаниясымен түсіністік меморандумына қол жетті.

5. Chevron мен Қазақстан еліміздегі біріккен жобалардан түскен 251 млн долларды мұнай мен газ жобаларына қайта инвестициялауда өзара түсіністік тапты.

6. АҚШ Қазақстанда ағылшын тіліне қолжетімділікті жақсарту бағдарламасына ресурстық қолдау көрсетеді. 2018 жылдан бастап америкалық мұғалімдер өңірлерде ағылшын үйретіп, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 480 балаға тіл үйрену стипендиясы бөлінеді.

Дереккөз: 7kun.kz

24 қаңтар 2018, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.