Атырау, 25 сәуір 19:07
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​​Ұлттық қордың активтеріне шектеу қою туралы шешімнің күші жойылды

2 121 просмотра


2018 жылғы 23 қаңтарда Амстердам қаласы Округтік соты Bank of New York Mellon банкінің кастодиалдық сақтауындағы Ұлттық қордың активтерінен шектеуді жою жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өтінішхатын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство өкіллерінің мәліметінше, сот Ұлттық банктің және процесте үшінші тарап ретінде қатысқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұстанымын мойындап, Ұлттық қорға қол сұғылмайтындағын мәлімдеді. 

Нидерландының сот органдары бұдан бұрын Статиге дәл осы активтерге шектеу қоюдан бас тартқан болатын. 

Стати бұл фактілерді жасыра отырып, сотты жаңылыстырған. 

Сонымен қатар, сот Статиді қазақстандық тарапқа сот шығындарын өтеп беруді міндеттепті.  

"Бельгияның сот органдары да осындай алдын ала шектеу қойды. Оған шағым жасау жөніндегі жұмыс белгіленген тәртіпте жалғастырылуда", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 қаңтар 2018, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.