Атырау, 20 сәуір 09:09
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ақтөбедегі жантүршігерлік апаттан кейін жолаушылар тасымалына қойылатын талап күшейеді

1 777 просмотра


Ақтөбеде болған автобус апатынан соң халықаралық тасымалға қойылатын талаптар заң жүзінде күшейтілмек. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан соң өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Соңғы уақытта мұндай қайғылы оқиғалар Ресейде де, бізде де болды. Бұдан бес-алты жыл бұрын мұндай жағдайға Қырғызстанның еңбек мигранттары тап болды. Апаттың бірнеше себебі бар. Ең біріншісі, ескі автобустар көп жылдан бері пайдаланылып келеді. Екіншіден, адами фактор. Қазір Ішкі істер министрлігімен бірлесе рейдтік тексерістер жүргізіп жатырмыз. Заңнамалық деңгейде жүйелі жұмыс жүргізу керегін айтқым келеді. Осы тексерістен соң барлық халықаралық тасымалға қойылатын талаптарды күшейтуді көздеп отырмыз», - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейінгі бринфингте.

Ол бүгінде халықаралық тасымалға қойылатын қатаң талаптар легін атап өтті: жүргізушінің жасы бойынша, автокөлікті пайдалану мерзімі бойынша, техникалық тексеріс, жүргізушіні медициналық тексеру.

«Мұндай жағдайда (Ақтөбедегі апат - авт.) автобус тұрақты емес тасымалмен айналысқан. Ұйым мен оның иесіне, жүргізушілерге қойылатын сұрақтар бар. Тергеуден соң бәрі белгілі болады. ІІМ қорытындысы бойынша заңнамаға осындай тұрақты емес тасымалға қойылатын талаптарды күшейтетін өзгерістер мен толықтырулар енгізуіміз қажет», - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

Дереккөз: baq.kz

23 қаңтар 2018, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.