Атырау, 20 сәуір 01:17
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Жапонияда қалың қар әуе және теміржол қозғалысын тежеді

1 477 просмотра


Жапонияның Токио, Тиба, Канагава және Сайтама префектураларында қалың қар жауып, 250 адам жапа шегіп, бір тұрғын қаза тапты. Ол көлікпен электр пойызының жолынан өте бергенде тұрып қалып, апатқа ұшыраған. 

Табиғаттың тосын мінезінен өңірлердегі қоғамдық көлік жұмысы бұзылып, пойыздар жүрісі кешіктірілген. Нарита мен Тиба префектруасында 300-ден астам әуе рейсі кейінге шегеріліп, 9 мың жолаушы жолынан қалды. 

Ал Токиодағы қардың қалыңдығы 23 сантиметрге жеткен. Тұрғындар соңғы рет мұндай ауа райы 4 жыл бұрын болғанын айтады. 

Бірақ бүгін жапалақтап жауған қар тоқтап, әр аймақтағы қызметтер оның салдарымен күресуге жұмылдырылған. 

БЛИЦ: – Мұндай қалың қарды соңғы рет 4 жыл бұрын күрегем. Тіпті белім талып кетті. 

– Қала шетіне қатынайтын тұрғындар жолдардың дер кезінде тазаланбай, пойыздардың тоқтап қалуынан көп жапа шекті.

Дереккөз: 24.kz

23 қаңтар 2018, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.