Атырау, 29 наурыз 12:57
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев кәсіпкерлердің қаржы есептерін тексеруге тыйым салды

1 988 просмотра


Өзбекстанда кәсіпкерлердің қаржы есептеріне тексеру жүргізуге екі жылға тыйым салынды. 

«Өзбекстан 24» телеарнасының хабарлауынша, ел президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан аумағында жұмыс істейтін бизнесмендер мен кәсіпорындардың қаржы есептеріне тексеру жүргізуге екі жылға мораторий жариялауға байланысты құжатқа қол қойған. 

Ол аталмыш заң жобасын желтоқсан айының соңында депутаттармен кездесуінде парламенттің қос палатасына ұсынған.

Бұған дейін Шавкат  Мирзиеев 2016 жылдың қазан айында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлік субьектілерді жоспардан тыс тексеруге тыйым салатын қаулы қабылдаған болатын. 

Жалпы Шавкат Мирзиеев билік басына келгелі бері Өзбекстанда бизнесмендерге жұмыс істеуге қолайлы жағдайлар жасалуда. 20 жылдық үзілістен кейін Өзбекстанға Ислам Кәрімовтың кезінде елден қуылған түркиялық кәсіпкерлер қайтып оралуда. 

Билік басына келген қысқа уақыт аралығында Мирзиеев Қазақстан, Ресей, Оңтүстік Корея, Түркияға ресми іс-сапармен барып, бірқатар сауда-экономикалық құжаттарға қол қойған. 

Нәтижесінде Өзбекстан көлік құрастырушы кәсіпорындары Оңтүстік Корея мен Түркия көлік өндірушілерімен бірігіп ел аумағында автокөлік құрастыратын зауыт ашуға мүмкіндік алған. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

23 қаңтар 2018, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.