Атырау, 19 сәуір 08:44
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Америкалықтар Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшіреді

1 304 просмотра


Америкалықтар Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге келесі жылдың аяғына дейін көшіреді. Бұл туралы Израильге ресми сапармен келіп, жергілікті кнессетте сөз сөйлеген АҚШ-тың вице-президенті жария етті. 

Алайда Майк Пенстің мәлімдемесі «Біріккен араб тізімі» фракциясы мүшелерінің наразылығын тудырды. Кнессет күзеті ашуға булыққан депутаттарды залдан шығарып жіберуге мәжбүр болған.    

Майк Пенс, АҚШ-тың вице-президенті: 

– Алдағы апталарда біздің әкімшілігіміз Иерусалимде елшілік ашуға қатысты нақты жұмыстармен айналыса бастайды. Иерусалим – Израиль астанасы. Дональд Трамп бұған дейін Мемлекеттік департаментке дипломатиялық миссияны ауыстыруға қатысты алдын ала дайындық жұмыстарын бастауды тапсырған болатын.

Айта кеткен жөн, былтыр желтоқсан айының басында Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын мәлімдеген. 

Сондықтан қазір Тель-Авивте орналасқан АҚШ елшілігін осы қалаға ауыстыратынын жария етті.

Ақ Үй басшысының мәлімдемесі бірқатар мемлекетте жаппай наразылық тудырып, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына әкеп соқты. 

Дереккөз: 24.kz

23 қаңтар 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.