Атырау, 29 наурыз 15:18
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сағынтаев: Мекемелер қызметкерлерді мөлшерден көп жұмыс істеткізбеуі керек

1 557 просмотра


Бақытжан Сағынтаев аяз ауа райы мекеме қызметкер Астана Бүгін Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев сарышұнақ аязға байланысты жергілікті әкімдік басшыларына жылу қазандықтарының жұмысына баса көңіл бөлуді тапсырды. 

Сондай-ақ қоғамдық көлік қызметі мен қауіпсіздік шаралары ұдайы қадағалауда болу керектігін міндеттеді. «Қаладан қашық елді мекендерге дейінгі жолдардағы қозғалысқа өз уақытында шектеу қойылуы керек. 

Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. Жергілікті әкімдіктер көлік жүргізушілері мен жолаушыларды жылжымалы жылыту пункттері және ыстық тамақпен қамтуды жолға қоюы қажет. 

Апаттық-құтқару қызметі де тосын жағдайларға дайын болып, мемлекеттік және жеке мекемелер қызметкерлерді мөлшерден көп жұмыс істеткізбеуі керек», – деді Үкімет басшысы.

Дереккөз: 24.kz

23 қаңтар 2018, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.