Атырау, 23 сәуір 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​АҚШ федералды үкіметі жұмысын тоқтатты

1 491 просмотра


АҚШ федералды үкіметі соңғы 5 жылда алғаш рет қаржыландырудың жоқтығынан жұмысын тоқтатты. Оған сенаттағы демократтар мен республикалықтардың биылғы бюджетке қатысты ортақ шешімге келе алмай, заң жобасының қабылданбай қалуы себеп болды.

Осыған байланысты енді мемлекеттік органдар кей жұмыс түрлерін жүзеге асыруды тоқтатып, көптеген мемлекеттік қызметкерлер өз есебінен демалысқа жіберіледі.

Ал демократтар биліктен заң жобасына кәмелетке толмаған жаста келген заңсыз иммигранттарды отанына қайтарудан қорғау шараларын қабылдауды сұрап отыр. Қазір тараптар арасында осы мәселе бойынша келіссөз басталды. 

Айта кетейік, АҚШ конгрессі өткен айда үкіметтің жұмысын уақытша қаржыландыру туралы шешім қабылдап, ол қаңтардың 20-сына аяқталды. АҚШ-та мұндай жағдай соңғы рет 2013 жылы болған.

Дереккөз: 24.kz

20 қаңтар 2018, 21:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.