Атырау, 25 сәуір 16:10
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жедел жәрдем: жолсызда және суықта

5 440 просмотра


2012 жылы Қызылқоға ауданында Hyundai реанимобилі, ал 2016 жылы «Газель» маркалы жабдықталған жедел жәрдем көлігі сатылып алынды. Алайда оларды барлық кезде пайдалану мүмкін болмай тұр.

Қызылқоға аудандық ауруханасының директоры Самат ТАЙШЫБАЕВТЫҢ айтуынша, қыс пен көктем кезінде бұл екі «жедел жәрдем» көлігі аудан бойынша шақыртуларға бара алмайды, өйткені екеуі де тегіс тас жолда жүруге арналған, ал Қызылқоғада бұл мәселе қиын.

- Ауыр науқастарды қазір қалай тасымалдайсыздар?

- Алыс ауылдарға жедел жәрдем бригадалары УАЗ көліктерімен барады.

- Реанимобильдер қыста да, жазда да шақыртуларға шықпайды деген ақпарат рас па?

- Жалған. Мысалы, Hyundai 5 жылда 50 мың шақырым жүрді. Расында да, бұл аз көрсеткіш болар, бірақ жолдардың салынуын күтуіміз керек, жұмыстар жақсы қарқынмен жүріп жатыр. Тағы да проблемалар бар: бізде гараж жоқ болғандықтан, бірнеше арнайы жабдықталған көліктеріміз (флюорография, жылжымалы стомотология және т.б.) аязда далада тұр. Үлкен гараж салуға арналған жобалық-сметалық құжаттарды дайындау үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім бердік.

Фархат ӘБІЛОВ

20 қаңтар 2018, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.